Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің өмірлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Х.Жылқыбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | Р.Сыдықов |