Қобда ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 сәуірде № 4854 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 329 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 329 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында, мәтіні бойынша және қосымшада орыс тілінде "Хобдинского", "Хобдинском", "Хобдинский", "Хобда" сөздері "Кобдинского", "Кобдинском", "Кобдинский", "Кобда" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 129 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қобда ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 ақпандағы "Қобда ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 189 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-7-103 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 наурызда "Қобда" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессияның төрайымы
Аудандық мәслихатхатшысы
      Г. БАЛГАРИНА Ж.ЕРҒАЛИЕВ

  Қобда аудандық мәслихатының
2016 жылғы "24" наурыздағы
№ 9 шешімімен бекітілген

Қобда ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстарциялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
      2. Митингілер және жиналыстар өткізілетін орын:
      Қобда ауылы: Әбілқайыр хан көшесі, 38 мекенжайы бойынша орналасқан аудандық мәдениет үйінің артындағы алаңы.
      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
      Қобда ауылы: Әбілхайыр хан көшесінен бастап Алматы көшесіне дейін, Әкімжанов көшесі бойымен.
      4. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер, (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтайды.
      5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
      1) көліксіз және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;
      2) елді-мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;
      3) ауданның жергілікті атқарушы органының келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
      4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына;
      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;
      6) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіруіне үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
      7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты, нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының, заңдар мен өзге де нормативтік актілердің басқа ережелерін бұзу болса, немесе оларды өткізу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;
      8) алкогольдік немесе есірткімен масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспаранттар, ұрандар басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
      7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізілуі тиіс.
      8. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша сөздер айтуға жол беріледі.
      9. Пикетті өзге түрде жалғастыру үшін (митинг/жиналыс/шеру) ауданның жергілікті атқарушы органының белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
      10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергілікті атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
      11. Ауданның жергілікті атқарушы органы өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары тарапынан жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шаралар қабылданады.

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Кобдинском районе

Решение маслихата Кобдинского района Актюбинской области от 24 марта 2016 года № 9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 25 апреля 2016 года № 4854. Утратило силу решением Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 12 июня 2020 года № 329

      Сноска. Утратило силу решением Кобдинского районного маслихата Актюбинской области от 12.06.2020 № 329 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Сноска. В реквизитах, заголовке, по тексту и в приложении решения на русском языке слова "Хобдинского", "Хобдинском", "Хобдинский", "Хобда" заменены словами "Кобдинского", "Кобдинском", "Кобдинский", "Кобда", текст на казахском языке не меняется решением маслихата Кобдинского района Актюбинской области от 22.12.2017 № 129 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", с подпунктом 15) статьи 6 Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправленй в Республике Казахстан", Кобдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Кобдинском районе согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Кобдинского районного маслихата от 18 февраля 2011 года № 189 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-7-103, опубликовано от 17 марта 2011 года в газете "Кобда").
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Секретарьрайонного маслихата
      Г.БАЛГАРИНА Ж.ЕРГАЛИЕВ

  Утвержден
решением Кобдинского
районного маслихата
от "24" марта 2016 года № 9

Дополнительный порядок проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Кобдинском районе

      1. Мирные собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.
      2. Место проведения митингов и собраний:
      село Кобда: площадь за районным домом культуры, расположенном по адресу улица Абылхаир хана, № 38.
      3. Шествия и демонстрации проходят по маршруту:
      село Кобда: от улицы Абылхаир хана до улицы Алматы, по улице Акимжанова.
      4. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные /организаторы/, а также иные участники соблюдают общественный порядок.
      5. Организаторами и участниками мероприятия не допускается:
      1) препятствование движению транспорта и пешеходов;
      2) создание помех для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;
      3) установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с местным исполнительным органом района;
      4) вмешательство в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий;
      5) нанесение ущерба зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;
      6) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;
      7) проведение собрания, митинга, шествия, пикетирования или демонстрации, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан;
      8) участие в состоянии алкогольного и наркотического опьянения.
      6. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации не допускается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров, использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, антиобщественного поведения и иных правонарушений.
      7. Пикеты должны проводиться в соответствии с целями, указанными в заявлении.
      8. При пикетировании допускается:
      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;
      2) использовать средства наглядной агитации;
      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.
      9. Для продолжения пикета в иной форме (митинг/собрание/шествие) необходимо получение в установленном порядке разрешение местного исполнительного органа района.
      10. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя местного исполнительного органа района, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.
      11. В случае отказа от выполнения законных требований представителя местного исполнительного органа района по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.