Қобда ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 189 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 наурызда № 3-7-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 24.03.2016 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу мақсатында Қобда ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орны 1 қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      Мәслихат сессиясының
төрағасы
Аудандық мәслихаттыңхатшысы
      Д. Көпесов І. Қобланов

  Қобда аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 18 ақпандағы № 189
шешіміне қосымша № 1

Қобда ауданы аумағында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу орны тiзбесi

№ р/с
Өткiзу орны
Объект атауы
1
Ақрап ауылдық округі бойынша
Ақырап ЖШС-і ғимаратының алаңы
2
Бұлақ ауылдық округі бойынша
Әлия ш/қ аумағында. Талдысай ЖШС-ің МТМ аумағы. Бұлақ ауылының күн шығыс алаңқайы.
3
Бегалы ауылдық округі бойынша
Калиновка ауылының Қазақстан көшесіне кіреберсінде
4
Бестау ауылдық округі бойынша
Бестау ЖШС асханасының алды
5
Білтабанов атындағы округі бойынша
Сауқайың ЖШС – нің алаңы
6
Жарық ауылдық округі бойынша
Жарық ауылы - ескі ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алаңы, Ортақ ауылы – "Баян-ауыл" ЖШС-нің алаңы,Қанай ауылы-"Қанай" ш/қ алаңы
7
Жарсай ауылдық округі бойынша
Жарсай ауылы – "Сұңқар" ш/қ алаңы, Ақсай ауылы-ескі ауылдық клуб ғимаратының алаңы, Қарағанды ауылы- "Қарағанды" ЖШС-нің аумағы
8
Жиренқопа ауылдық округі бойынша
Балаларға арналған футбол алаңы
9
Жаңаталап ауылдық округі бойынша
Бұрыңғы бала бақшаның аймағы
10
Исатай ауылдық округі бойынша
"Қиыл" ЖШС-нің алаңы
11
Қобда ауылдық округі бойынша
Қобда жер ЖШС-нің алаңы, Нұр-МТС ш/қ алаңы
12
Құрсай ауылдық округі бойынша
Стадион алаңы
13
Қызылжар ауылдық округі бойынша
Қызылжар ауылының бұрыңғы монша аймағы, Қаракемер ауылы-бұрыңғы авто тұрақ алаңы
14
Құрманов атындағы ауылдық округі бойынша
"Бегалы" ЖШС-нің алаңы, Егіндібұлақ ауылы-тәуелсіздік көшесінің кіреберісі
15
Өтек ауылдық округі бойынша
"Дәуір" ЖШС-нің алаңы
16
Сарбұлақ ауылдық округі бойынша
"Сары Қобда ЖШС-нің әкімшілік ғимаратының алаңы"
17
Сөгалы ауылдық округі бойынша
Стадион алаңы
18
Терісаққан ауылы аумақтық әкімшілік бірлігі
"Өспен" ЖШС-нің алаңы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады