Азаматтық қызметші болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қарашада № 5141 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 19.06.2024 № 116 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Аткиев
      Мәртөк аудандық
мәслихатының хатшысы
Ә. Әлмұхамбетов

  2016 жылғы 4 қарашадағы
№ 40 Мәртөк аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Мәртөк аудандық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 "Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға үстемақы белгіленуі туралы" аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-51 тіркелген, 2008 жылғы 23 сәуірде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);

      2. 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 19 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы №39 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына үстем ақы белгіленуі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-154 тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған);

      3. 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 121 "Мәртөк аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихаттың шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған).

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 4 ноября 2016 года № 40. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 22 ноября 2016 года № 5141.

      Сноска. Заголовок – в редакции решения Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 19.06.2024 № 116 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки специалистам в области социального обеспечения и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях, финансируемых из местных бюджетов, по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 19.06.2024 № 116 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Мартукского районного маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мартукского
районного маслихата
А. Аткиев
      Секретарь Мартукского
районного маслихата
А. Альмухамбетов

  Приложение к решению
Мартукского районного
маслихата от 4 ноября 2016 года
№ 40

Перечень утративших силу некоторых решений Мартукского районного маслихата

      1. Решение районного маслихата от 28 марта 2008 года № 39 "Об установлении надбавок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах Мартукского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-8-51, опубликованное 23 апреля 2008 года в газете "Мәртөк тынысы");

      2. Решение районного маслихата от 27 апреля 2012 года № 19 "О внесении изменения в решение районного маслихата от 28 марта 2008 года № 39 "Об установлении надбавок специалистам образования, культуры и социального обеспечения, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-8-154, опубликованное 31 мая 2012 года в газете "Мәртөк тынысы");

      3. Решение районного маслихата от 17 апреля 2014 года № 121 "О внесении изменений в решение Мартукского районного маслихата от 28 марта 2008 года № 39 "Об установлении надбавок специалистам образования, культуры и социального обеспечения, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3900, опубликованное 22 мая 2014 года в газете "Мәртөк тынысы").