Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 116 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 маусымда № 8599-04 болып тіркелді

      Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәртөк аудандық мәслихатының "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мәртөк ауданының елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" 2016 жылғы 4 қарашадағы № 40 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5141 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қызметші болып табылатын және Мәртөк ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Мәртөк ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық
мәслихатының төрағасы
Т. Көлкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады