Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 12 сәуір № 11-26/62 ұсынысы негізінде, Ақкемер ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкемер ауылдық округінің "Жоғарғы Таласпай" қыстағы аумағында орналасқан "Премьер" шаруа қожалығының ірі мүйізді қара малы арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақкемер ауылдық округінің әкімі | Т. О. Өтемұратов |