Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 02 тамыздағы № 49 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 11-26/128 ұсынысы негізінде Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің "Жоғарғы Таласпай" қыстағы аумағындағы орналасқан "Премьер" шаруа қожалығының ірі мүйізді қара малы арасында құтыру ауруының ошағына       ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізілуіне байланысты, шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 19 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4944 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымында "Мұғалжар" газетінде жаиряланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Ақкемер ауылдық округі әкімі Т. Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады