Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № ВО 3-4/345 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағындағы "Асылбек" шаруа қожалығы аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округ әкімі | И. Сабиржанов |