"Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағында орналасқан "Асылбек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы"

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 24 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 ақпанда № 4749 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 4 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 04.01.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № ВО 3-4/345 ұсынысы негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      1. Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағындағы "Асылбек" шаруа қожалығы аумағында ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ойыл ауылдық округ әкімі И. Сабиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады