1. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағындағы "Асылбек" шаруа қожалығы аумағындағы ұсақ малдары арасында бруцеллез ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 24 "Ойыл ауылдық округінің Тайлақбай қыстағында орналасқан "Асылбек" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4749 болып тіркелген, 2016 жылдың 4 ақпанында "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округі әкімі: | Д. Бисебаев |