Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 414 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Атау жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 06.11.2017 № 273 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 06.11.2017 № 273 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |
Хромтау ауданы әкімдігінің | |
2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 | |
қаулысымен бекітілді |
Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 04.09.2020 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны /теңге/ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері /теңге/ |
Балабақша | Балабақша | Балабақша | ||
қалалық жерде орналасқан | ||||
1 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№1 "Күншуақ" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 28 828,39 | 500 |
2 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 175 | 28 828,39 | 500 |
3 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 "Гүлдер" бөбекжай- балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 275 | 28 828,39 | 500 |
4 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 5 "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 275 | 28 800,0 | 500 |
5 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 6 "Ақкөгершін" бөбекжай- балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 170 | 28 800,0 | 500 |
6 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 7 "Еркетай" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 280 | 28 800,0 | 500 |
7 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Хромтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "№ 8 "Тұлпар" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 180 | 28 800,0 | 500 |
ауылдық жерде орналасқан | ||||
8 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Болашақ" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31 494,94 | 350 |
9 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балдәурен" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31 494,94 | 310 |
10 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 38 | 31 494,94 | 350 |
11 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Никельтау ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбөбек" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31 494,94 | 350 |
12 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Таңшолпан" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31 494,94 | 350 |
13 | "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Шаңырақ" бөбекжай -балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 31 494,94 | 350 |
14 | "Ер Төстік" бөбекжай -балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 28 800,0 | 500 |
15 | "Гүлнұр" бала-бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 25 | 31 494,94 | 300 |
16 | "Төре балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 190 | 31 494,94 | 500 |
17 | Шильманова Нурзия Сагинаевна жеке кәсіпкер | 75 | 28 800,0 | 500 |