Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 414 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 7820 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі Н. Алдияров

  Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 414 қаулысына қосымша

Хромтау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4757 тіркелген, 2016 жылы 9 наурызда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған);

      2. Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 219 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы №31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4992 тіркелген, 2016 жылы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 48 "Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5324 тіркелген, 2017 жылы 28 наурызда электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 273 "Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5697 тіркелген, 2017 жылы 23 қарашада аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған);

      5. Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 302 "Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7402 тіркелген, 2020 жылы 8 қыркүйекте электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады