Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 273 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қарашада № 5697 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 414 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 22.12.2020 № 414 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 31 "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4757 тіркелген, 2016 жылы 09 наурызда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы";

      қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін";

      қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Хромтау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері";

      қосымшасында 5-баған "Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге)" алынып тасталсын;

      2. "Хромтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шілмановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бердалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады