Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 1-2/244 ұсынысы негізінде, Аққұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққұдық ауылдық округінде орналасқан "Ерұлан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққұдық ауылдық округінің әкімі: | О.Өтегенов |