Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 маусымда № 4955 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 12.08.2016 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10–1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 1-2/244 ұсынысы негізінде, Аққұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аққұдық ауылдық округінде орналасқан "Ерұлан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аққұдық ауылдық округінің әкімі: О.Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады