Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 26-167 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Б. Б. Есболатов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың | |
сессиясының төрағасы | Э. Иманбердиева |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Калиновский |