Текелі қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 4-18 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 23 мамырда № 3842 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 маусымдағы № 26-167 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 26.06.2018 № 26-167 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және біріңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Текелі қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Б. Б. Есболатов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы Э. Иманбердиева
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады