"Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 88 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 30 наурызда № 3759 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қазандағы № 996 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 10.10.2024 № 996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі Әмірденов Ержан Әмірденұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Керімбеков Бекен Орынбекұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ысқақ

  Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 88 қаулысымен бекітілген қосымша

"Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040444, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы, Шевченко көшесі, № 18 А.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері: Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      18. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округінің әкімін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
      1) "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
      2) "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады:
      3) "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия"

Постановление акимата Енбекшиказахского района Алматинской области от 19 февраля 2016 года № 88. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 30 марта 2016 года № 3759. Утратило силу постановлением акимата Енбекшиказахского района Алматинской области от 10 октября 2024 года № 996

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Енбекшиказахского района Алматинской области от 10.10.2024 № 996 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Енбекшиказахского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение государственного учреждения "Аппарата акима сельского округа Байдибек бия" согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на акима сельского округа Байдибек бия Амирдинова Ержан Амирденовича опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата района.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Керимбекова Бекен Орынбековича.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Ыскак

  Приложение утвержденное постановлением акимата Енбекшиказахского района от "19" февраля 2016 года № 88 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарата акима сельского округа Байдибек бия"

Положение о государственном учреждении "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями и решениями акима сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: индекс 040444, Республика Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, село Байдибек би, улица Шевченко, № 18 А.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия": осуществление государственной политики на территории сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района.
      14. Задачи: информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района. 
      15. Функции: 
      1) в пределах своей компетенции осуществление регулирования земельных отношений; 
      2) содействие в организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;
      3) организация работ по сохранению исторического и культурного наследия;
      4) выявление малообеспеченных лиц, внесение в вышестоящие органы предложений по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организация обслуживания одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;
      5) обеспечение трудоустройства лиц, состоящих на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции, и оказание иной социально-правовой помощи;
      6) организация общественных работ, молодежной практики и социальных рабочих мест;
      7) содействие развитию местной социальной инфраструктуры;
      8) взаимодействие с органами местного самоуправления;
      9) осуществление похозяйственного учета;
      10) ведение реестра непрофессиональных медиаторов;
      11) организация работ по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке населенных пунктов;
      12) осуществление иных функций, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке необходимую в своей деятельности информацию от государственных органов и иных организаций;
      2) осуществлять пользование имуществом, находящимся на праве оперативного управления;
      3) своевременно и качественно рассматривать обращения физических и юридических лиц;
      4) в пределах своей компетенции осуществлять иные права и обязанности, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" осуществляется акимом, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" задач и осуществление им своих функций.
      18. Аким сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района назначается на должность и освобождается от должности, акимом Енбекшиказахского района.
      19. Аким сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия акима сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района:
      1) в пределах своей компетенции определяет обязанности и полномочия
      работников государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия";
      2) в соответствии с действующим законодательством назначает и освобождает от должности работников государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия";
      3) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия";
      4) в пределах своей компетенции издает решения и распоряжения;
      5) в пределах своей компетенции представляет интересы государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" в государственных органах и иных организациях;
      6) противодействует коррупции в государственном учреждении "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" с установлением за это персональной ответственности;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий акима сельского округа Байдибек бия Енбекшиказахского района в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия", относится к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима сельского округа Байдибек бия" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.