"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 18 шілдедегі № 3 ұсынысының негізінде Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Жолбарыс батыр ауылдық округінің Кәлпе ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Абдумуслимова Хажер Ахятовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жолбарыс батыр | |
ауылдық округінің әкімі | С. Андасбаев |