Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 367 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 12 желтоқсанда № 4029 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 20.02.2024 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көксу ауданы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Шаяхметова Айгүл Нұртайқызына
      осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Әділ

Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

Постановление акимата Коксуского района Алматинской области от 25 ноября 2016 года № 367. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 12 декабря 2016 года № 4029. Утратило силу постановлением акимата Коксуского района области Жетісу от 20 февраля 2024 года № 71

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Коксуского района области Жетісу от 20.02.2024 № 71 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликовании).
      В соответствии с подпуктами 2), 3) и 4) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О занятости населения" от 06 апреля 2016 года, приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" от 26 мая 2016 года № 412 акимат Коксуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Коксускому району в размере трех процентов от общей численности рабочих мест.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ Коксуского района" Шаяхметову Айгуль Нуртаевну опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного акимата.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Садыкову Алию Секергалиевну.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Адил