Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 05.01.2018 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабынның 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарқан ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Имангазиева Панар Ануарбековна заңмен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тілеубайвичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатовичке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Қошанбеков |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 19.09.2017 № 241 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Сарқан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) |
1 | Сарқан ауданы әкімдігінің "Құлыншақ" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 70 | 22588 | 3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000 |
2 | "Балдырған" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 285 | 19915 | 3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000 |
3 | Сарқан ауданы әкімдігінің "Ақбота" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 70 | 23707 | 3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000 |
4 | Сарқан ауданы әкімдігінің "Айдана" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 100 | 22647 | 3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000 |
5 | Сарқан ауданы әкімдігінің "Ер Төстік" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 100 | 22253 | 3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000 |
6 | "Балдәурен" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 120 | 27230 | 3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000 |
7 | Жеке кәсіпкер "Ясли-Сад-Карлыгаш" | 30 | 41553 | 10000 |
8 | "Бөбек – 2017" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 65 | 21813 | 11000 |
9 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 11195 | 4000 |
10 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің № 54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 13363 | 4000 |
11 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 12147 | 4000 |
12 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Аманбөктер негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 11967 | 4000 |
13 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 13113 | 4000 |
14 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Қараултөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 11977 | 4000 |
15 | "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 13108 | 4000 |
16 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Көкөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 12543 | 4000 |
17 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 13793 | 4000 |
18 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Қ. Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 75 | 13442 | 4000 |
19 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Жұмабаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 13748 | 4000 |
20 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Аль-Фараби атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 75 | 13777 | 4000 |
21 | "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекетік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 13358 | 4000 |
22 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Черкасск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14610 | 4000 |
23 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14627 | 4000 |
24 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Шатырбай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 13380 | 4000 |
25 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің К. Ушинский атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 75 | 12390 | 4000 |
26 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Төлебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 12692 | 4000 |
27 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің Ерікті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14290 | 4000 |
28 | "Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 25 | 14487 | 4000 |
Ескертпе:
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді;
2) жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.