Сарқан ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 71 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 03 мамырда № 3793 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 01 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық әкімдігінің 05.01.2018 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабынның 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарқан ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Имангазиева Панар Ануарбековна заңмен белгіленген тәртіпте мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы Үмбеталиев Самат Тілеубайвичке осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Маманбаев Ғалымжан Қанатовичке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Қошанбеков

  Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "05" сәуірдегі "Сарқан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 71 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 19.09.2017 № 241 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сарқан ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

1

Сарқан ауданы әкімдігінің "Құлыншақ" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

22588

3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000

2

"Балдырған" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

285

19915

3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000

3

Сарқан ауданы әкімдігінің "Ақбота" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

23707

3 жасқа дейін - 8000, 3 жастан кейін - 9000

4

Сарқан ауданы әкімдігінің "Айдана" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

22647

3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000

5

Сарқан ауданы әкімдігінің "Ер Төстік" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

100

22253

3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000

6

"Балдәурен" Балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

120

27230

3 жасқа дейін - 5000, 3 жастан кейін - 6000

7

Жеке кәсіпкер "Ясли-Сад-Карлыгаш"

30

41553

10000

8

"Бөбек – 2017" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

65

21813

11000

9

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Н. Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

11195

4000

10

"Сарқан аудандық білім бөлімінің № 54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

13363

4000

11

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Бірлік орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

12147

4000

12

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Аманбөктер негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

11967

4000

13

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Тасарық орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

13113

4000

14

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Қараултөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

11977

4000

15

"Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

13108

4000

16

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Көкөзек орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

12543

4000

17

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Пограничник орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

13793

4000

18

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Қ. Қазыбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

13442

4000

19

"Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Жұмабаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

13748

4000

20

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Аль-Фараби атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

13777

4000

21

"Сарқан аудандық білім бөлімі" мемлекетік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұхамеджан Тынышбаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

13358

4000

22

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Черкасск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

14610

4000

23

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

14627

4000

24

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Шатырбай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

13380

4000

25

"Сарқан аудандық білім бөлімінің К. Ушинский атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

12390

4000

26

"Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Төлебаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

12692

4000

27

"Сарқан аудандық білім бөлімінің Ерікті орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

14290

4000

28

"Сарқан аудандық білім бөлімінің М. Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

14487

4000


      Ескертпе:

      1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді;

      2) жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады