Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 14.03.2018 № 29-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 444-бабы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Тараз қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 мамырынан қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық мәслихаты | Тараз қалалық |
сессиясының төрайымы | мәслихатының хатшысы |
Ж. Бүркітбаева | Б. Нарбаев |