Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 52-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 3022 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 29-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 14.03.2018 № 29-9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 444-бабы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Тараз қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 мамырынан қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрайымы мәслихатының хатшысы
      Ж. Бүркітбаева Б. Нарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады