Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 29-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 наурызда № 3753 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      Н. Мауленов Б. Құлекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2018 жылғы 14 наурыздағы
№29-9 шешіміне
қосымша

Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі

      1. "Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі №17-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-90 болып тіркелген, 2009 жылы 22 мамырда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      2. "Жер салығының ставкалары туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 36-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-120 болып тіркелген, 2011 жылы 26 қаңтарда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      3. "Жер салығының ставкалары туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы №36-6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 наурыздағы №38-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6-1-128 болып тіркелген, 2011 жылы 12 мамырда "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған);

      4. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы №52-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3022 болып тіркелген, 2016 жылы 13 сәуірде "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған).

      .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады