Байзақ ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 51-2 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 2996 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 67-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байзақ ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.

      2. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 35-3 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2428 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 желтоқсандағы аудандық "Ауыл жаңалығы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Рәпілбеков
      Аудандық мәслихат хатшысының міндетін
      уақытша атқарушы Е. Есімов

  Байзақ аудандық мәслихатының
2016 жылғы 24 ақпандағы
№ 51-2 шешімімен бекітілген

Байзақ ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу

      1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беріледі.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініштерді еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның жергілікті атқарушы органда тіркелген күнінен бастап есептеледі.

      4. Жергілікті атқарушы орган өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      5. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу туралы өтініш берген кезде, осы қосымша тәртібінің 3 тармағындағы талаптар сақталмаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган жаңадан өтініш беру жолымен жіберілген кемшіліктерді жоюды ұсынған ресми жауап береді. Өтініш қаралған болып есептелінеді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі түскен күнінен бастап есептеледі.

      6. Жергілікті атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен жерін ұсынады.

      7. Жиналыстар мен митингілерді өткізу арнайы орны болып келесі орындар белгіленсін:

      1) Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 76 үйдің (Әл-Фарби атындағы аудандық мәдениет үйі) алдындағы алаң;

      2) Байтерек ауылдық округінің Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №313 ғимаратының алдындағы алаң.

      8. Шерулер мен демонстрацияларды өткізу арнайы орындар болып келесі маршруттар белгіленсін:

      1) Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесіндегі Астананың 10 жылдығы атындағы саябақтан Жамбыл көшесі мен Байзақ батыр көшесінің қиылысындағы Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйіне дейін.

      9. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.

      10. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді, демонстрацияларды өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

      11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруіне;

      3) жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтіруіне;

      5) өзімен бірге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы жасалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;

      6) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.

      12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу орындарда спирттік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды; матаға немесе қағазға жазылған ұрандарды, кермелерді, басқа да материалдарды (көзбе, аудио/бейне); сонымен қатар қоғамдық тәртіп бұзушылыққа, қылмыс жасау мен кім болса да оған тіл тигізіп қорлауға тыйым салынады.

      13. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізу аумағында отыруға, тұруға;

      2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

      3) пикет тақырыбына сай қысқа ұрандар, слогандарды айқайлап айтуға рұқсат етіледі.

      14. Пикетті басқа формада немесе митинг, жиын түрінде қайта өткізуді жалғастыратын болса, белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органнан рұқсат алуы тиіс.

      15. Ұйымдастырушыларға бас тарту кезінде жазбаша түрде потенциалды қатысушыларға барлық дайындықты болдырмау және аталған жағдайды тиісті деңгейде хабарлау шараларын қамтамасыз ету түсіндірілуі қажет.

      16. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салынғаны туралы шешім қабылданса, ұйымдастырушылар (өкілдер) барлық дайындық іс-шараларын болдырмау жөнінде және потенциалды қатысушыларды тиісінше хабарландыруға міндетті.

      17. Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, жергілікті атқарушы орган бұларды өткізуге тыйым салады.

      18. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (аудандық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

      19. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай-ақ азаматтарында өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар жергілікті атқарушы орган өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс.

      20. Жергілікті атқарушы орган өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолданады.

      21. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.

      22. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірген материалдық залалы үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасалуға тиіс.

      23. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетін жерде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөніндегі туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейді.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Байзакскому району

Решение Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 24 февраля 2016 года № 51-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 17 марта 2016 года № 2996. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 24 июня 2020 года № 67-10

      Сноска. Утратило силу решением Байзакского районного маслихата Жамбылской области от 24.06.2020 № 67-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Байзакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Дополнительно регламентировать проведение собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Байзакскому району согласно приложению.

      2. Признать утратившим силу решение Байзакского районого маслихата от 4 декабря 2014 года № 35-3 "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2428, опубликовано 27 декабря 2014 года в газете "Сельская новь").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Байзакского районного маслихата по вопросам территориального экономического развития, финансов, бюджета, административного территориальной структуре, защиты прав человека и рассмотрение проектов договоров закупов участков земли.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня его государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата С. Рапилбеков
      Временно исполняющий
      обязанности секретаря
      районного маслихата Е. Есимов

  Утверждено решением
Байзакского районного маслихата
от 24 февраля 2016 года № 51-2

Дополнительное регламентирование порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций по Байзакскому району

      1. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в местный исполнительный орган города.

      2. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.

      3. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в местном исполнительном органе города.

      4. Местный исполнительный орган рассматривает заявление и сообщает уполномоченным (организаторам) о принятом решении не позднее, чем за пять дней до времени проведения мероприятия, указанного в заявлении.

      5. В случае нарушения при подаче заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации требований пункта 3 настоящего дополнительного порядка при подаче заявления местным исполнительным органом дается официальный ответ разъяснительного характера с предложением устранить допущенные нарушения путем подачи нового заявления. Обращение считается разрешенным. Сроки рассмотрения нового заявления исчисляются с момента его поступления.

      6. Местный исполнительный орган, в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленных насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время и место проведения мероприятия.

      7. Местом проведения митингов и собраний установить следующие места:

      1) площадь перед зданий № 76 (районный дом культуры имени Аль-Фараби) расположенную по улице Байзак батыра, село Сарыкемер.

      2) площадь перед зданий № 313 расположенную по улице Байзак батыра, село Сарыкемер.

      8. Местом проведения шествий и демонстраций установить следующие маршруты:

      1) от парка имени 10 летие Астаны по улицу Орынкулова до районного дома культуры имени Аль-Фараби (пересечение улиц Жамбыла и Байзак батыра) село Сарыкемер.

      9. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации, а также выступления их участников проводятся в соответствии с целями, указанными в заявлении, в определенные сроки и в обусловленном месте.

      10. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники обязаны соблюдать общественный порядок.

      11. Организаторам и участникам мероприятия запрещается:

      1) препятствовать движению транспорта и пешеходов;

      2) создавать помехи для бесперебойного функционирования объектов инфраструктуры населенного пункта;

      3) установление юрт, палаток, иных временных сооружений без согласования с местными исполнительными органами города;

      4) наносить ущерб зеленым насаждениям, малым архитектурным формам;

      5) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы, могущие быть использованными против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      6) вмешиваться в любой форме в деятельность представителей государственных органов, обеспечивающих общественный порядок при проведении мероприятий.

      12. В местах проведения собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации запрещается распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров; использовать транспаранты, лозунги, иные материалы (визуальные, аудио/видео); а также допускать публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, а также оскорбления в адрес кого бы то ни было.

      13. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать (возможностями своего голоса) краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      14. Для переформатирования, продолжения пикета в иной форме митинга, собрания требуется получение в установленном порядке разрешения местного исполнительного органа города.

      15. При отказе организаторам письменно должно быть разъяснено, что им следует принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      16. В случае, когда уполномоченными (организаторами) получен отказ местного исполнительного органа района в проведении митинга, собрания, шествия, пикета и демонстрации когда состоялось решение о его запрещении, организаторы/уполномоченные обязаны незамедлительно принять меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.

      17. Местный исполнительный орган запрещает собрание, митинг, шествие, пикетирование или демонстрацию, если целью их проведения является разжигание расовой, национальной, социальной, религиозной нетерпимости, сословной исключительности, насильственное ниспровержение конституционного строя, посягательство на территориальную целостность республики, а также нарушение других положений Конституции, законов и иных нормативных актов Республики Казахстан, либо их проведение угрожает общественному порядку и безопасности граждан.

      18. Не допускается проведение массовых мероприятий на объектах железнодорожного, водного и воздушного транспорта, а также у организаций, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения (районный общественный транспорт, снабжение водой, электроэнергией, теплом и другими энергоносителями), и учреждений здравоохранения и образования.

      19. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации должны быть безусловно прекращены по требованию представителя местного исполнительного органа, если: не было подано заявление, состоялось решение о запрещении, нарушен порядок их проведения, а также при возникновении опасности для жизни и здоровья граждан, нарушении общественного порядка.

      20. В случае отказа от выполнения законных требований представителя местного исполнительного органа по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.

      21. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      22. Материальный ущерб, причиненный во время проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций их участниками гражданам, общественным объединениям, государству, подлежит возмещению в установленном законом порядке.

      23. Все дополнительно возникшие затраты, в том числе по охране общественного порядка, предоставлению помещений, санитарной очистке, освещению и радиофицированию места проведения собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации, возмещаются их организаторами.