Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 35-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 2428 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 51-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 24.02.2016 № 51-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күніннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Байзақ ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Үкібаев

  Байзақ аудандық мәслихатының
2014 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 35-3 шешіміне қосымша

Байзақ ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митинг, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Ботамойнақ ауылдық округі
Байзақ ауылы, Сейдекуль Байдешова көшесі № 30 "а" "Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы" саябақ
2
Бәйтерек ауылдық округі
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 313 ғимаратқа қарамақарсы алаң
3
Бурыл ауылдық округі
Бурыл ауылы, 9 мамыр көшесінің бойындағы "Бәйтерек" балабақшасының қарсы бетіндегі саябақтағы алаң
4
Дихан ауылдық округі
Дихан ауылы, Әлі Күзенбай көшесі № 19 "а" мекен-жайда орналасқан ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң
5
Жаңатұрмыс ауылдық округі
Көкбастау ауылы, Іскендір Шалбайұлы көшесі № 72 ауылдық округ әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң
6
Жалғызтөбе ауылдық округі
Жетібай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан саябақ
7
Көптерек ауылдық округі
Кеңес ауылы, Жүніс Науатов көшесінің бойындағы Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің шығыс бетіндегі алаң
8
Көктал ауылдық округі
Көктал ауылы, Сабит Мұқанов көшесі №14 мекен-жайда орналасқан мәдениет үйінің алдындағы алаң
9
Қызыл жұлдыз ауылдық округі
Қызыл жұлдыз ауылы, Қанымқыз Тортаева көшесі №70 "а" мекен-жайда орналасқан Сындыбала Оңғарбаева алаңы
10
Қостөбе ауылдық округі
Талас ауылы, Жеңістің 40 жылдығы көшесі №20 мекен-жайда орналасқан "Агали" шаруақожалығы мекемесінің алдындағы алаң
11
Мырзатай ауылдық округі
Мырзатай ауылы, Әмірқұлұлы Жамансары көшесінің бойында орналасқан Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің маңындағы алаң
12
Суханбаев ауылдық округі
Жақаш ауылы, Шеке Әйтімбетов көшесі №46 мекен-жайда орналасқан Ағаділ Суханбаев ауылдық клубының алдындағы алаң
13
Сазтерек ауылдық округі
Абай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі №4 мекен-жайда орналасқан Абай ауылдық клубының алдындағы алаң
14
Сарыкемер ауылдық округі
Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі №76 мекен- жайда орналасқан "Әл-Фараби" атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаң
15
Темірбек ауылдық округі
Тегістік ауылы, Школьная көшесі №2 мекен –жайда орналасқан Чапаев атындағы орта мектебінің алдындағы алаң
16
Түймекент ауылдық округі
Түймекент ауылы, Дінмұхамет Қонаев көшесі № 78 мекен-жайда орналасқан мәдениет үйінің алдындағы алаң
17
Үлгілі ауылдық округі
Үлгілі ауылы, Қожаберген Ысмайлов көшесінің бойында орналасқан ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының алды және Мырзабаев Жақыпбай көшесіндегі ауылдық клуб ғимаратының алды
18
Ынтымақ ауылдық округі
Мәдімар ауылы, Әлімқұл Сейдалиев көшесі № 3 мекен-жайда орналасқан ауылдық клубтың алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады