Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 4641 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Молдабеков
      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Тлепов

  Байзақ аудандық мәслихатының
2020 жылғы 24 маусымдағы
№ 67-10 шешіміне қосымша

Байзақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі.

      1. "Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 26-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2137 тіркелген, аудандық "Ауыл – жаңалығы" - "Сельская новь" газетінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 29 (8163) санында жарияланған);

      2. "Аудандағы тұрмысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2003 жылғы 21 қарашадағы № 2-8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1153 тіркелген, аудандық "Ауыл – жаңалығы" - "Сельская новь" газетінің 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 52 санында жарияланған);

      3. Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Байзақ аудандық мәслихат аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 10-16 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3290 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкіде электрондық түрде 2017 жылы 3 ақпанында жарияланған);

      4. "Байзақ ауданы бойынша жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Байзақ аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 24 ақпандағы № 51-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2996 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 31 наурызында жарияланған);

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады