Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 21.11.2022 № 34-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда аудандық № 98-99 "Ауыл жаңалығы – Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген Қағидаға келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген, шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасының:
6 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
- туберкулез ауыруымен ауыратын азаматтарға (отбасыларына), амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен екі еселенгенен төмен болған жағдайда ай сайын әр науқасқа 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Рәпілбеков |
Аудандық мәслихат |
хатшысының міндетін | |
уақытша атқарушы | Е. Есимов |