Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 34-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қарашада № 30680 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Б. Акбаев

  Байзақ аудандық мәслихатының
2022 жылғы 21 қарашадағы
№ 34-5 шешіміне қосымша

Байзақ аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы №31-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2271 болып тіркелген).

      2. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 сәуірдегі №39-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2619 болып тіркелген).

      3. "Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 наурыздағы №26-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы №37-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2587 болып тіркелген).

      4. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3128 болып тіркелген).

      5. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №52-11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3028 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады