"Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №462 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 597 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда № 3254 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 462 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 17 қазандағы № 3178 болып тіркелген, "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 100 (8486) нөмірінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№597 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы
Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы
16.
Күздік бидай
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл
17.
Жаздық арпа
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл
18.
Ашық топырақтағы көкөніс
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл

      

О внесении дополнений в постановление акимата Байзакского района от 30 сентября 2016 года №462 "Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур"

Постановление акимата Байзакского района Жамбылской области от 12 декабря 2016 года №597. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 20 декабря 2016 года № 3254

       Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Байзакского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Байзакского района от 30 сентября 2016 года № 462 "Об определении сроков представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 17 октября 2016 года за № 3178, опубликованное 18 октября 2016 года в районной газете "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" за № 100 (8486)) следующие дополнения:
      приложение к указанному постановлению дополнить согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Дулата Абеновича Султанбекова.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким района М.Шукеев

  Приложение
  к постановлению акимата
Байзакского района от
12 декабря 2016 года № 597

Сроки представления заявки на получение субсидий по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур


Приоритетные сельскохозяйственные культуры
Сроки начала представления заявки
Сроки окончания представления заявки
16.
Яровой ячмень
15.12.2016 год
20.12.2016 год
17.
Озимая пшеница
15.12.2016 год
20.12.2016 год
18.
Овощи на открытом грунте
15.12.2016 год
20.12.2016 год