Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 462 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 қазанда № 3178 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Шүкеев

  Байзақ ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 462 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің 12.12.2016 № 597 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі).


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

1.

Қант қызылшасы 1 гектарға

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

2.

Қант қызылшасы 1 тоннаға

01.11.2016 жыл

01.12.2016 жыл

3.

Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай)

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

4.

Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай)

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

5.

Қант қызылшасы 1 гектарға, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

6.

Қант қызылшасы 1 тоннаға, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

01.11.2016 жыл

01.12.2016 жыл

7.

Майлы дақылдар

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

8.

Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

9.

Дәндік жүгері

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

10.

Көпжылдық шөптер (таза егіс)

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

11.

Екінші, үшінші жылғы көпжылдық шөптер

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

12.

Көп жылдық шөптер, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

13.

Сүрлемдік жүгері

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

14.

Картоп

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

15.

Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы

20.10.2016 жыл

20.11.2016 жыл

16.
Күздік бидай
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл
17.
Жаздық арпа
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл
18.
Ашық топырақтағы көкөніс
15.12.2016 жыл
20.12.2016 жыл

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады