Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Байзақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 462 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылғы 17 қазандағы № 3178 болып тіркелген, "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 100 (8486) нөмірінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Дулат Әбенұлы Сұлтанбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi және оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Шүкеев |
Байзақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №597 қаулысына қосымша |