Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 04 қазандағы "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" № 476 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3169 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қазанда аудандық "Шұғыла-Радуга" газетіне жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қыдыралыұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданының әкімі | М. Мұсаев |
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 545 қаулысына қосымша |