"Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "04" қазандағы № 476 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 545 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 3225 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылдың 04 қазандағы "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы" № 476 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3169 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қазанда аудандық "Шұғыла-Радуга" газетіне жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
      2. "Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Қыдыралыұлына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Жамбыл ауданының әкімі М. Мұсаев

  Жамбыл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 545 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша өтінімді ұсыну мерзімдері


Басым ауыл шаруашылығы дақылдары

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің басталуы

Өтінімді ұсыну мерзімдерінің аяқталуы

16.
Күздік бидай

28.11.2016 жыл

15.12.2016 жыл

17.
Жаздық арпа

28.11.2016 жыл

15.12.2016 жыл

18.
Ашық топырақтағы көкөніс

28.11.2016 жыл

15.12.2016 жыл

19.
Қант қызылшасы 1 тоннаға

28.11.2016 жыл

15.12.2016 жыл

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады