1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Белдеутас" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы "Белдеутас" және "Қоңыртемірші" кластерлік учаскелерінің арасындағы 9961 га алаңда, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін алмай, экологиялық дәліз құрылсын;
экологиялық дәліздің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
2. Экологиялық дәлiз учаскелерiнде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтiн жерлерiнде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерiнде олардың жүрiп өтетiн жолдарының сақталуын, жабайы өсімдіктер өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ететiн осы жерлердi пайдаланудың реттелмелi режимі белгiленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |