"Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Белдеутас" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында экологиялық дәліз құру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 46/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 3905 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынысына сәйкес, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық саналуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің "Белдеутас" мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы "Белдеутас" және "Қоңыртемірші" кластерлік учаскелерінің арасындағы 9961 га алаңда, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін алмай, экологиялық дәліз құрылсын;
      экологиялық дәліздің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.
      2. Экологиялық дәлiз учаскелерiнде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтiн жерлерiнде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерiнде олардың жүрiп өтетiн жолдарының сақталуын, жабайы өсімдіктер өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ететiн осы жерлердi пайдаланудың реттелмелi режимі белгiленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады