Қазақстан Республикасы Үкіметінің 8 қазандағы 2016 жылғы "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 579 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2014 жылғы 19 қарашадағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 3-1/600 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпандағы № 30 (22 133) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 16 ақпандағы № 20 (21 965) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, 2016 жылдың 12 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын:
"3-1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын артыру бағыттары бойынша субсидиялар көлемі осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген қаулының 3 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі |
Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қараша № 81/01 қаулысына 1- қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 қаулысына 3 - қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы "16" қараша № 81/01 қаулысына 2 қосымша |
|
Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 қаулысына 4 - қосымша |