Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 20.04.2017 № 24/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 3-1/600 бұйрығына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4. Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
5. "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының | |
әкімі | Н. Әбдібеков |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы "27" ______01_______ №__06/04__ қаулысына 1-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативі
Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі | бас | 5 125 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы "27" ______01_______ №__06/04__ қаулысына 2-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптар
№ р/с | Өлшемдер мен талаптар |
1. | Ірі қара малды қолдан ұрықтандыруда жұмыс тәжрибесінің, жұмыс мерзімін мал асылдандыру инспекциясы саласындағы уәкілетті органнан тізімі бойынша растауымен бар болуы |
2. | Жеке меншігінде сұйық азотты тасмалдайтын ЦТК түріндегі арнайы ыдыспен жабдықталған автокөліктің болуы |
3. | Жеке меншігінде тұқымдық бұқалардың ұрығын сақтайтын СДС 35 түріндегі арнайы ыдыстың болуы |
4. | Штатында сәйкес мамандықтар бойынша қызметкерлердің болуы |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы "27" ___01___ № 06/04 қаулысына қаулысына 3- қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
Сала атауы | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативі, теңге | Субсидиялау көлемі | Субсидиялар сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мал шаруашылығы | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 125 | 11 719 | 60 060,0 |
Барлық сома | 60 060,0 | ||||
Етті бағыттағы мал шаруашылығы | Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен асыл тұқымды және селекциялық жұмысын жүргізу | бас | 20 000 | 8 000 | 160 000,0 |
Тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басымен асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | бас | 18 000 | 80 000 | 1 440 000,0 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 154 000 | 2 200 | 338 800,0 | |
Импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал сатып алу | бас | 118 000 | 72 | 8 496,0 | |
Жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 300 | 31 200,0 | |
Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 2 000 | 48 000,0 | |
Барлық сома | 2 086 556,0 | ||||
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | Асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 20 000 | 1 000 | 20 000,0 |
Сүт өндірісінің құнын арзандату: | тонна | 10 300 | 109 500,0 | ||
2- деңгей | тонна | 15 000 | 1 300 | 19 500,0 | |
3- деңгей | тонна | 10 000 | 9 000 | 90 000,0 | |
Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 154 000 | 200 | 30 800,0 | |
Импортталған асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 118 000 | 300 | 35 400,0 | |
Барлық сома | 195 700,0 | ||||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | Құс еті өндірісінің құнын арзандату: | 4 142 | 273 372,0 | ||
2- деңгей | тонна | 66 000 | 4 142 | 273 372,0 | |
Барлық сома | 273 372,0 | ||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | 200 000 | 600 000,0 | ||
1- деңгей | мың дана | 3 000 | 200 000 | 600 000,0 | |
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | бас | 120 | 30 000 | 3 600,0 | |
Барлық сома | 603 600,0 | ||||
Қой шарушылығы | Тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 1 500 | 105 000 | 157 500,0 |
Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтар сатып алу | бас | 8 000 | 1 500 | 12 000,0 | |
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату: | 210 000,0 | ||||
| 1- деңгей | тонна | 200 000 | 900 | 180 000,0 |
| 2- деңгей | тонна | 100 000 | 300 | 30 000,0 |
Барлық сома | 379 500,0 | ||||
Жылқы шаруашылығы | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 200 | 8 000,0 |
Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 92 000 | 1 200 | 110 400,0 | |
Барлық сома | 118 400,0 | ||||
Шошқа шаруашылығы | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 98 000 | 2 900 | 284 200,0 |
Барлық сома | 284 200,0 | ||||
ЖИЫНЫ | 3 941 328,0 |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы "27"_____01_______ №__06/04___ қаулысына 4-қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулылары
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %- ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділгін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3654 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 ақпандағы, "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 16 ақпандағы № 30 (22 133), "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 16 ақпандағы № 20 (21 965) газеттерінде жарияланған).
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 тамыздағы № 58/05 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %- ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3951 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 06 қазанда, "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 08 қазандағы № 166 (22 271), "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 08 қазандағы № 131 (22 076) газеттерінде жарияланған).
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 81/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %- ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 05 желтоқсанда, "Орталық Қазақстан" 2016 жылғы 03 желтоқсандағы № 192 (22 297), "Индустриальная Караганда" 2016 жылғы 03 желтақсандағы № 155 (22 100) газеттерінде жарияланған.
4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 94/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 05/01 "Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %- ға дейін өтеуге арналған субсидиялар нормативін, қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтерді жеткізушіге қойылатын өлшемдер мен талаптарды, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4110 тіркелген, "Орталық Қазақстан" 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 7 (22 314), "Индустриальная Караганда" 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 7 (22120) газеттерінде, ҚР НҚА элоктрондық бақылау банкінде, электрондық түрде 2017 жылы 26 қаңтарда жарияланған.