1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы VI сессиясының № 62 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1915 тіркелген, 2012 жылдың 17 шілдесінде "Индустриальная Караганда" № 85 (21249) және "Орталық Қазақстан" № 118 (21324) газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:
11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11. Атақты облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша жыл сайын тиісті мәслихат береді, бірақ облыс бойынша, облыс қалалары бойынша, облыс аудандары бойынша сәйкесінше үш азаматтан артық емес болуы керек. Атақты беру туралы мәселені қарау және шешім қабылдау Атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырыла алады.
Атақ беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне орайластырылады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Прокоп |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдікеров |