Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы VI сессиясының № 62 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 25 қарашадағы V сессиясының № 116 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қарашада № 4031 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы VI сессиясының № 62 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1915 тіркелген, 2012 жылдың 17 шілдесінде "Индустриальная Караганда" № 85 (21249) және "Орталық Қазақстан" № 118 (21324) газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесінде:
      11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "11. Атақты облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша жыл сайын тиісті мәслихат береді, бірақ облыс бойынша, облыс қалалары бойынша, облыс аудандары бойынша сәйкесінше үш азаматтан артық емес болуы керек. Атақты беру туралы мәселені қарау және шешім қабылдау Атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырыла алады.
      Атақ беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелеріне орайластырылады.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Прокоп
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады