Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3766 болып тіркелді. Күші жойылды – Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 52/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды қаласының әкімдігінің 11.09.2019 № 52/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Т.С.Қалмахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 13 сәуір
№ 15/06 Қарағанды қаласы әкімдігі
қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін

Рет №-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

2.

Қызметтер:

2.1.

әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2.3.

әкімшісі "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде аудан аумақтарын қала құрылыстық дамыту сызбасын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу


Об утверждении перечня работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Постановление акимата города Караганды от 13 апреля 2016 года № 15/06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 27 апреля 2016 года № 3766. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 11 сентября 2019 года № 52/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Караганды от 11.09.2019 № 52/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" акимат города Караганды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором.
      2. Государственному учреждению "Отдел государственных активов и закупок города Караганды" в соответствии с действующим законодательством принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Караганды Калмаханова Т.С.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким города Н. Аубакиров

  Утвержден
постановлением акимата города Караганды
от 13 апреля 2016 года
№ 15/06

Перечень
работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

№ п/п

Наименование

1.

Работы:

1.1.

строительство новых либо реконструкция имеющихся объектов в рамках бюджетных программ развития, администратором которых является государственное учреждение "Отдел строительства города Караганды"

2.

Услуги:

2.1.

оказание инжиниринговых услуг по ведению технического надзора от имени заказчика при строительстве и реконструкции объектов в рамках бюджетных программ развития, администратором которых является государственное учреждение "Отдел строительства города Караганды"

2.2.

разработка проектно-сметной документации либо корректировка имеющейся проектно-сметной документации на строительство и реконструкцию объектов в рамках бюджетных программ развития, администратором которых является государственное учреждение "Отдел строительства города Караганды"

2.3.

разработка схем градостроительного развития территорий района и генеральных планов населенных пунктов в рамках бюджетных программ развития, администратором которых является государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Караганды"