Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды қаласының әкімдігінің 11.09.2019 № 52/01 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. "Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Т.С.Қалмахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуір № 15/06 Қарағанды қаласы әкімдігі қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін
Рет №-і | Атауы |
1. | Жұмыстар: |
1.1. | әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау |
2. | Қызметтер: |
2.1. | әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету |
2.2. | әкімшісі "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету |
2.3. | әкімшісі "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылатын, бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде аудан аумақтарын қала құрылыстық дамыту сызбасын және елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу |