"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 15/06 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 52/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қыркүйекте № 5479 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі №15/06 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде №3766 болып тіркелді, 2016 жылғы 7 мамырда №74-75 (22180) "Орталық Қазақстан" газетінде, 2016 жылғы 17 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарағанды қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстығы заңға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Қала әкімі Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады