Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.06.2022 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының № 405 "Қарағанды облысы Ақтас кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2946 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 ақпанда жарияланған, 2016 жылғы 6 ақпандағы № 6 "Саран газеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Ақтас кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Мамирова |
Мәслихат хатшысы | Р. Бекбанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы Ақтас кентінің әкімі |
___________ Қ. Сүлейменов. |
"22" желтоқсан 2016 жыл