Қарағанды облысы Ақтас кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының № 405 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 2946 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 143 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 23.06.2022 № 143 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы, 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы Ақтас кентінде көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Мамирова

Мәслихат хатшысы

Р. Бекбанов


      Келісілді:

Қарағанды облысы
Ақтас кентінің әкімі
Қ. Сүлейменов
23.12.2014



Саран қалалық мәслихатының
2014 жылғы "23"желтоқсандағы
№ 405 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысы Ақтас кентінің көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысы Ақтас кенті көшелер, көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабы, 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ақтас кенті аумағында көшелер, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ақтас кентінің аумағындағы көшелер, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Ақтас кентінің әкімі шақырады.

      Саран қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Бөлек жиынды ашудың алдында Ақтас кенті тұрғындары қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      6. Бөлек жиынға кәмелетке толмаған тұлғалар, сот әрекетіне қабілетсіз деп танылған тұлғалар, сондай–ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалардың қатысуға құқығы жоқ.

      7. Бөлек жиынның қатысушылары; жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын оң тұрғыннан бір адам сандық құрамында ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік қағидаты негізінде анықталады.

      8. Бөлек жиындарды көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегінде өткізуді Ақтас кентінің әкімі ұйымдастырады.

      9. Бөлек жиынды Ақтас кентінің әкімі немесе оның уәкілетті адамы ашады.

      Ақтас кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      10. Дауыс беру ашық түрде әр үміткерге дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауысына ие болған үміткерлер сайланады.

      11. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Ақтас кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 22.12.2016 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады