1. Абай ауданы Құрма ауылындағы "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 38/01 "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3994 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қазанда № 42 (4144) "Абай Ақиқат" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Абай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 42/01 "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы" қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |