Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Абай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 06 қазандағы № 07-1-1-33/251 ұсынысы негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құстар арасынан сальмонеллез ауруының анықталуына байланысты, Абай ауданының Құрма ауылындағы "Орталық Құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін:
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Абай ауданының әкімі | Шайдаров С. |