Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 21.06.2018 № VI-29/262 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XXXIV сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3532 тіркелген, 2015 жылғы 19 желтоқсандағы "Қарқаралы" № 101-102 (11432) газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
С. Нуркенов |