Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесін айқындау туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 81 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 3755 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 146 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 18.04.2019 № 146 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 04 сәуірдегі
№ 81 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 192 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Атауы

1.

Жұмыстар

1.1

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар құрылыс немесе бар нысандардың қайта құру жұмыстары

1.2

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары

1.3

Ауданға қарасты коммуналдық меншіктегі ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстары

1.4

"Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамытудың" бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары


Об определении перечня работ по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 4 апреля 2016 года № 81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 15 апреля 2016 года № 3755. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 18 апреля 2019 года № 146

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 18.04.2019 № 146 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень работ по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором государственных закупок согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Каркаралинского района Б.М. Токмурзина.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Каркаралинского района К.М. Максутов

  Приложение
к постановлению акимата
Каркаралинского района
от 04 апреля 2016 года
№ 81

Перечень работ по которым организация
и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

      Сноска. Приложение – в редакции постановления акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 16.08.2016 № 192 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

П/н

Наименование

1

Работы

1.1

Строительство новых либо реконструкция имеющихся объектов в рамках бюджетных программ развития

1.2

Капитальный ремонт автомобильных дорог районного значения в рамках бюджетных программ развития

1.3

Капитальный ремонт зданий, помещений, сооружений, находящиеся в коммунальной собственности района

1.4

В рамках программы "Развитие регионов до 2020 года" работы по развитию инженерной инфраструктуры